Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонды

Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақ кері оралуға мәжбүр болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 16:42 Сурет: Zakon.kz
Кеше, 8 наурыз күні Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ әуежайға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясы бұған қатысты түсінік берді.

"Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты қозғалтқышты сөндіріп, стандартты процедураларға сәйкес әрекет етті". Air Astana баспасөз қызметі

Сондай-ақ әуе компаниясы ұшақтың Ақтауға сәтті қонғанын және жолаушылардың компания тобының резервтік ұшағымен жөнелтілгенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: