"Үкімет кетсін!". Моңғолия ереуілдеп жатыр

Сурет: видеодан алынды/newspress
Моңғолия астанасында үлкен митинг өтті, үш мыңнан аса адам мәселені шеше алмайтын үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Митингке қатысушылар 2025 жылдың 11 қаңтарында Ұлан-Батордың орталық алаңына жиналды. Олар сыбайлас жемқорлықпен, астанадағы көк түтінмен және кептеліспен күресу, сондай-ақ салықты азайту бойынша шаралар қабылдауды талап етті, деп жазады жергілікті news.mn жаңалықтар сайты.

Митингке байланысты алаңды басып өтетін 15 бағыттағы автобустар жұмысын тоқтатты.

Митинг кем дегенде 10 сағатқа созылды. Басылымның хабарлауынша, анда-санда наразылық білдірушілер Сухе-батор алаңында орналасқан үкімет сарайына шабуыл жасамақ болған, бірақ полиция мен арнайы күштер оларды тықсыра қуумен болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, демонстрациялар 22 қаңтарға дейін жалғасады деп жоспарланады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдан бастап Моңғолияның барлық мемлекеттік және муниципалдық органдары ресми құжаттарда кириллицамен бірге ұлттық әліпбиді де қолдана бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды