Неймар жаттығуға жекеменшік тікұшағымен ұшып келді

Сурет: Instagram/santosfc
Бразилиялық футбол жұлдызы Неймар жақында өзінің туған еліндегі "Сантос" клубына ауысып, алғашқы жаттығуын да өткізіп үлгерді. Ол жаттығу базасына жекеменшік тікұшағымен ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Globo мәліметінше, форвард клуб базасына Мангаратибада (Рио-де-Жанейро штаты) орналасқан сарайынан ұшып келген.

Футболшы Сантусқа отбасымен бірге көшіп келгенше осылай амалдай тұруға ниетті.

Келесі аптада Неймар бай-манаптар тұратын Морро ауданынан үй сатып алмақ.

Неймардың тікұшағы екі ұшқышқа және сегіз жолаушыға арналған. Мангаратибадан Сантус арасы шамамен бір сағатты алады.

Неймардың алғашқы жаттығуы кезінде қатты жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ол өзінің туған көгалын сынап көріп, Сан-Паулу штаты чемпионатының ресми матчында алаңға шығуға дайындалды.

Мүмкін, жанкүйерлер оны жақында өз алаңында "Сантос" "Ботафагоны" қабылдаған кезде көріп қалар.

1 ақпанда Неймар "Сантосқа" оралып, аңызға айналған адам  - Пеленің 10-шы нөмірін иеленгенін жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды