Шұғыл түскен деректерге сәйкес, 2025 жылғы 25 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 15:37-де Қырғызстанда жер сілкінісі болды.
Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класы K=9.1.
Қырғызстан сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісі ошағы Семіз-Бел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырымдағы Орто-Токой ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда тіркелген.
Елдімекендерде жер сілкінісінің жиілік көрсеткіші: Семиз-Бел ауылы – шамамен 3,5 балл, Орто-Токой, Арсы, Көчқорқа өзені, Қара-Тоо, Қара-Суу, Большевик – 3 балл.
Бес минут бұрын, сағат 15:32-де тағы бір жер сілкінісі тіркелген, оның ошағы Коргон ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырымдағы Джоо-Пая ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырымда, Баткен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымда орналасқан. Қырғызстанның елдімекендерінде жер сілкінісінің қарқынды жиілігі: Коргон, Джоо-Пая ауылдарында – шамамен 2,5 балл.
2025 жылы 23 сәуірде Түркияда Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Ыстамбұлда 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Нәтижесінде 236 адам зардап шекті.