Израильдың Иран телеарнасы штаб-пәтеріне әуеден жасаған соққысы тікелей эфирге түсіп қалды

Сурет: wikipedia
Израиль Иран Ислам Республикасының хабар таратушы IRIB компаниясының ғимаратына әуеден соққы берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mehr агенттігінің хабарлауынша, Израиль әуе шабуылының кезекті нысандарының бірі - IRIB штаб-пәтері болды. Шабуыл сәті тікелей эфирге түсіп қалды.  Алдын ала мәліметтер бойынша, Израиль шабуылынан бірнеше адам зардап шеккен.

Алайда, бірнеше минуттан кейін IRIB-тің тікелей эфирі қалпына келтірілді.

Израиль Қорғаныс министрі Исраель Кац ЦАХАЛ-дың Тегерандағы мемлекеттік хабар тарату компаниясының ғимаратына соққы жасағанын растады.

"Иран режимінің үгіт-насихат және арандатушылық ұйымына Израиль қорғаныс армиясы жергілікті тұрғындар эвакуациялағаннан кейін шабуыл жасады", деп The Times of Israel басылымы Кацтың сөзін келтіреді. 

Иран Қарулы Күштері 16 маусымда кешке Израильге зымыраннан соққы жасайтынын ескертті. Осы ескертуден кейін Израильдің Хайфа қаласының маңында дабыл зорайтқыштар үні естілді. Израиль қорғаныс армиясы Ираннан ұшырылған баллистикалық зымырандарды орта жолдан ұстап алуға тырысады. Дабыл белгісі қосылған аудандардағы бейбіт тұрғындарға бомбадан бас сауғалау орындарында болуға нұсқау берілді.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі