АҚШ-та қазылар алқасы Пи Дидди ісі бойынша көп күтпеген шешім қабылдады

Сурет: Facebook/Diddy
Қазылар алқасы Пи Дидди деген атпен танымал америкалық рэпер және продюсер Шон Комбсқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New York Times газетінің хабарлауынша, музыкант өзіне тағылған сексуалдық қанау және қылмыстық қауымдастық құру мақсатында адам саудасымен айналысты деген секілді бірнеше баптарды қарастыратын ауыр айыптар бойынша ақталды. Алайда сот Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдауға байланысты екі эпизод бойынша кінәлі деп тапты. АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған эпизодтардың әрқайсысы бойынша оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Жаза туралы түпкілікті шешімді судья жеке отырыста қабылдайды.

Егер адам саудасына қатысты айыптар расталса, Комбс әр эпизод бойынша кем дегенде 15 жыл қамауға алынуы мүмкін еді, ал қылмыстық ұйым құрғаны үшін кінәлі деп тану оны өмір бойына қараңғы қапасқа тоғытуы мүмкін болатын.

CNN мәліметтері бойынша, үкім шыққаннан кейін Комбс сот залында тізе бүгіп, дұға еткендей басын иіп, алқабилерге алғыс айтқан. Содан кейін ол орнынан көтеріліп, көпшілікке бұрылып, қошемет пен мақұлдау лебіздеріне жауап ретінде қолын шапалақтады. Айыптаушы және қорғаушы тараптар Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін бұлтартпау шарасы мәселесі бойынша өз ұсыныстарын ұсынуы керек. Пи Диддидің адвокаттары соңғы үкім шығарылғанға дейін оны кепілмен босату туралы өтініш білдірмек.

Шон Комбс 2024 жылдың 16 қыркүйегінде қамауға алынды. Оған жыныстық қанау және қылмыстық топ құру мақсатында адам саудасымен айналысты деген айып тағылды. 17 қыркүйектегі алғашқы сотында Пи Дидди өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамады. 17 қарашада рэпер бопсалау және адам саудасы туралы қылмыстық істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталды. Ал 20 қарашада оған зорлау фактісі бойынша жаңа айып тағылды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды