Le Figaro газетінің мәліметінше, аштық акциясы тұтқындардың камераларын су басқаннан кейін бірнеше күн өткен соң басталған. Шамамен 20 тұтқын түрме әкімшілігінен тағам қабылдаудан бас тартты. Аштық жариялағандардың арасында марсельдік есірткі картелінің басшысы, "Шыбын" лақап атымен танымал Мохамед Амра да бар. Ол ақпанда Румынияда ұсталған болатын.
Басылым мәліметінше, шілде айында Па-де-Кале департаментіндегі арнайы түрме алғашқы сотталған есірткі сатушылар тобын қабылдаған. Ал тамыз айының басында Францияның әділет министрі Жеральд Дарманен бұл мекемеде 88 адам жазасын өтеп жатқанын және түрме толып кеткенін мәлімдеді.
Айта кетерлігі, түрмедегі есірткі сатушылары Франциядағы қоғамдық өмірге еркін араласып отырған көрінеді. Мәселен, ірі қылмыстық топтардың басшылары темір тордың ар жағында отырса да, өз желілерін басқаруда.
Бұған дейін Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500 адамға жеткенін жазғанбыз.