Әлемдегі ең тартымды қалалар рейтингі - статистика

Сурет: pixabay
Жапонияның Mori Memorial Foundation қоры әлемдегі ең ықпалды қалалардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ең тартымды қалалар" тізімі 72 көрсеткіш негізінде құрастырылған. Олардың қатарында өмір сүру ұзақтығы, ауаның сапасы, стартаптар саны, түнгі клубтар мен университеттердің болуы сияқты факторлар бар. Зерттеу авторлары қаланың тартымдылығы деп оның әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарды, капиталды және бизнесті тарту қабілетін санады.

Бағалау барысында барлық көрсеткіштер алты негізгі санатқа бөлінген:

Бұл рейтингте Лондон 14-рет қатарынан бірінші орынды иеленді. Ұлыбритания астанасы мәдени өзара ықпалдастық пен қолжетімділік санаттары бойынша ерекше жоғары нәтижелер көрсетіп, 2700 мүмкін ұпайдың 1642,2 баллын жинаған.

Зерттеушілер Лондонның артықшылықтары ретінде мыналарды атап өтті:

"Әлемге әйгілі музейлер мен театрлардан бөлек, қалада көптеген өзге де мәдени орындар мен іс-шаралар бар", – делінген зерттеу қорытындысында.

Екінші орынға Токио жайғасты. Бұл қала рейтинг тарихында алғаш рет Нью-Йоркті басып озып, өмір сүру жайлылығы бойынша көш бастады, сондай-ақ мәдени өзара ықпалдастық санатында екінші орын алды. Ал Нью-Йорк өмір сүру құнының қымбаттауына байланысты жалпы рейтингте үшінші орынға төмендеді.

Ең тартымды қалалардың алғашқы бестігіне сондай-ақ Париж бен Сингапур кірді. Ал үздік ондықты Сеул, Амстердам, Шанхай, Дубай және Берлин түйіндеді.

Бұған дейін Италиядағы Олимпиада ойындарын Мэрайя Кэри ашатындығын жазғанбыз.

АҚШ
БАЭ
Ұлыбритания
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды