Италиядағы Олимпиада ойындарын Мэрайя Кэри ашады
Сурет: Instagram/mariahcarey
2026 жылғы 6 ақпанда Миландағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында американдық әнші Мэрайя Кэри өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, сонымен қатар шоуға итальяндық опера әншісі Андреа Бочелли мен итальяндық әнші Лаура Паусини қатысады.

Сурет: Instagram/milanocortina2026
Айта кетсек, Бочелли 2006 жылы Туриндегі ойындардың жабылуында да ән айтқан еді. Әнші басқа да ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Мәселен, 2016 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында, 2022 жылы "Алтын доп" салтанатында, 2020 жылы Тосканадағы алғашқы Формула-1 Гран-приінде, 2020 жылы футболдан Еуропа чемпионатының ашылуында өнер көрсетті.
Бұған дейін Джеки Чанның қысқы Олимпиада ойындарының алауын алып жүргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript