Джеки Чан қысқы Олимпиада ойындарының алауын алып жүрді
Сурет: X/ChinaDaily
2025 жылғы 23 желтоқсанда Италияның Помпей қаласында қысқы Олимпиада алауының эстафетасы өтті. Онда факелді әйгілі актер Джеки Чан алып жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Актер эстафетаға үшінші рет қатысып отыр. Ол 2008 және 2022 жылдары Бейжің Олимпиадасында да алауды алып жүрген болатын.
Эстафета 12 мың шақырымға жуық жолды еңсереді, оның мәре нүктесі 6 ақпанда ашылу салтанаты өтетін Миландағы "Сан-Сиро" стадионы болмақ.
Еске салсақ, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Бұған дейін Қанат Исламның Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің уақыты кейінге шегерілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript