Венецияда ағайындылар бойжеткенді қорғамақ болған жігітке суық қарумен шабуыл жасады

Сурет: pxhere
Әулие Валентин күні жас жігіт бойжеткенді қорғамақ болып, жарақат алып қалды. Венецияда болған жантүршігерлік жағдайды елге келген туристер ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, Ұлыбританиядан келген екі ағайынды 14 ақпан күні бойжеткеннің ізіне түскен. Олардың жаман пиғылын байқаған жергілікті 21 жастағы тұрғын сұлуды қорғамақ болып, қарсы тұрған.


"Ол туристер мен қыздың арасына түсіп, бойжеткенді қорғамақ болды. Алайда ағайындылардың бірі бірден пышақ алып, жігіттің мойынына сұғып алған. Нәтижесінде жергілікті тұрғынға артерияның зақымдануына байланысты шұғыл операция қажет болды", – делінген басылымда.

Оқиға қас-қағым сәтте болған. Шабуылдан кейін күдіктілер қылмыс орнынан қашып, ізін суытпақ болған. Дегенмен, полицейлер оларды жергілікті бейнебақылау камералары арқылы көп ұзамай құрықтаған.

Кейінірек қыз полицияға Instagram әлеуметтік желісінде күдіктілердің бірімен біраз уақыт хат жазысқанын, содан кейін олар Венецияда кездесуге келіскенін айтты.

Бұған дейін Үндістандағы әуе апатынан экипаж толықтай қаза тапқанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі