Қырғызстанда ұшақтағы барлық хабарламаны қырғыз тілінде жариялау міндеттелді

Сурет: Қырғызстан әуежайлары АҚ баспасөз қызметі
Қырғызстан билігі елге ұшатын, елден ұшатын және ел аумағында рейс орындайтын барлық әуе компанияларына жолаушыларға арналған хабарламаларды міндетті түрде қырғыз тілінде жариялауды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қырғызстан әуежайлары" АҚ жарияланған мәліметке сәйкес, бұл талап халықаралық рейстерді орындайтын шетелдік әуе тасымалдаушыларына да қатысты. Бұған дейін ұшақтағы хабарламалар негізінен ағылшын, орыс және ұшақ ұшып шыққан елдің тілінде айтылып келген.

Компанияның мәлімдеуінше, бұл шешім Қырғыз Республикасының мемлекеттік тіл саясаты аясында қабылданған. Оның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, барлық жолаушының маңызды ақпаратты өз тілінде алуына мүмкіндік жасау және азаматтық авиациядағы қызмет көрсету сапасын арттыру.

Енді барлық рейстерде қырғыз тілінде міндетті түрде мынадай ақпарат жариялануы тиіс:

Сондай-ақ әуе компанияларына қырғыз тілінде берілетін ақпараттың толық, нақты әрі басқа тілдерде ұсынылатын мәліметпен мазмұны жағынан бірдей болуы тиіс екені ескертілді.

Осыған байланысты барлық әуе тасымалдаушыларының басшыларына жаңа талаптың орындалуын қамтамасыз ету, қырғыз тіліндегі ресми хабарлама мәтіндерін әзірлеу және оларды жаңа ережеге сәйкес келетін барлық рейстерде қолдануды ұйымдастыру тапсырылды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі