Эльбруста сегіз альпинист жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Сурет: pexels
Ресейдің Кабардин-Балқария Республикасындағы Эльбрус тауында сегіз альпинисті іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Олардың арасында 14 жастағы жасөспірім де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az дерегінше, бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі мессенджердегі MAX арнасында хабарлаған.

Белгілі болғандай, альпинистердің бағыты ресми түрде тіркелген. Оқиға орнына Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы іздеу-құтқару жасағының 14 тәжірибелі құтқарушысы бірден жіберілген.

Қазір олар Еуропадағы ең биік таудың оңтүстік беткейіндегі маршрутты тексеріп жатыр.

Бұған дейін Эльбруста ірі іздеу-құтқару операциясы 25-26 шілде күндері жүргізілген. Сол кезде тауға көтеріліп бара жатқан алты альпинист қаза тапқан. Олардың бесеуі бір топта, ал біреуі басқа топта болған.

Қайғылы жағдайға желдің күрт күшеюі себеп болған. Салдарынан альпинистер боран мен қатты аяз кезінде өздігінен төмен түсе алмаған. Қаза тапқандардың барлығы Босния және Герцеговина азаматтары әрі тауға шығуда тәжірибелі болған. Бұған дейін олар Қазбек пен құрлықтағы басқа да тауларды бағындырған.

Бұған дейін Қырғызстанда жоғалып кеткен альпинистердің денелері табылғанын жазған болатынбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр