Fox News мәліметінше, Австралиядағы Affinda компаниясының қызметкері Эндрю Бёрд ЖИ-ге танымал жаттығуға орын брондауды тапсырған. Алайда бос орын болмағандықтан, ол күту тізімінде төртінші болып тұрған.
Сол кезде ЖИ спортзалдың брондау жүйесін зерттеп, басқа адамның брондауын тексермей-ақ алып тастауға болатынын анықтаған. Агент тізімде бірінші тұрған адамның брондауын жойып, нәтижесінде Бёрд төртінші орыннан үшінші орынға көтерілген.
Бёрд кейін ЖИ-ден жойылған брондауды қайта қалпына келтіруді сұраған. Бірақ ЖИ оны қайтара алмаған. Осыдан кейін Бёрд болған жағдай туралы сервис әзірлеушілеріне хабарлаған.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай ЖИ-агенттерді қолданудың жаңа қаупін көрсетеді. Қарапайым чат-бот тек сұрақтарға жауап берсе, ЖИ-агент тапсырманы орындау үшін өздігінен әрекет жасап, оған жетудің түрлі жолдарын іздей алады.
Сондықтан мамандар ЖИ-агенттердің аккаунттарға қолжетімділігін шектеуге және басқа адамдарға әсер етуі мүмкін әрекеттерді жасамас бұрын пайдаланушыдан рұқсат сұрайтын жүйе орнатуға кеңес береді.
Бұған дейін Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісін іске қосу жоспарланып отырғаны туралы жазған болатынбыз.