Ангела Меркель Германия президенті болудан бас тартты

Сурет: wikipedia
2026 жылғы 2 қыркүйекте Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель ел президенті қызметіне кандидат болмайтынын мәлімдеді. Ол бұл ұсынысты "абсурд" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, Меркель бұл туралы Бухарестте өзінің мемуарларын таныстыру кезінде айтқан.

"Бұл — абсурд. Мен мұнымен айналысқым келмейді. Мен саясатта 30 жыл болдым, оның 16 жылында федералды канцлер қызметін атқардым. Бұл жұмыс маған өте ұнады, дегенмен ол өте ауыр әрі күрделі болды. Маған ұнады, бірақ қазір өмірімде басқа істермен айналыса алатыныма өте қуаныштымын", – деді ол.

Оның айтуынша, өмірде айналысуға болатын басқа да көптеген қызықты нәрсе бар.

5-6 тамызда Forsa институты мың респондент арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде қаңтар айында өтетін Германия президенті сайлауы алдында Меркель әлеуетті кандидаттар тізімінде бірінші орынға шыққаны анықталды.

Сауалнамаға қатысқан Германия тұрғындарының 47 пайызы Меркельді лайықты кандидат деп санайды.

Германия
Меркель Ангела

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді