Непалдағы 7140 метрлік шыңда екі альпинист жоғалып кетті
Сурет: magnific
ExplorersWeb басылымының мәліметінше, жапониялық альпинистер қыркүйек айында биіктігі 7140 метр болатын шыңға көтерілуді бастаған. Содан бері олардан хабар жоқ. Үш апта бұрын Непал тауларында қатты дауыл соғып, сол кезде альпинистер кері қайтқан болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды. Олар 15 қазаннан бері, шыңға көтерілу кезінде қолайсыз ауа райына тап болған сәттен бастап байланысқа шықпаған.
Осы айдың басында шыңға жеткен ресейлік альпинистер жапониялық әріптестерінің ізін таппаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар да биіктігі 6800 метрлік шыңды бағындыру әрекетін тоқтатып, төмен түсуге мәжбүр болған.
Қазір тікұшақтардың көмегімен іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биік таулы аймақтарда ұшуға арналған тікұшақтар мен дрондар шамамен 7050 метр биіктіктен альпинистердің кейбір жабдықтарын, соның ішінде треккинг таяқтарын тапқан. Алайда екі альпинистің өзі әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Бұған дейін Непалда әскери қызметкерлердің арқан қоршауларынсыз жаңа алты мың метрлік шыңға қауіпті бағыт салғаны хабарланған болатын.