Республика күніне орай ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді
Фото: Zakon.kz
Республика күнін мерекелеуге байланысты 26 қазан, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше:
Кезекші ХҚКО-лар азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жалғасады.
"27 қазан, сейсенбіден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
Кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін карусельден көруге болады.
Еске салайық, 2026 жылғы 16 қазанда Алматыдағы №3 мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметтері орталығының мекенжайы өзгергені белгілі болды. 19 қазаннан бастап азаматтардың қайда баруы керектігі туралы ақпаратты сілтемеден білуге болады.