Астана күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді
Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Астана күніне орай, 2026 жылғы 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі қалай өзгеретінін мәлімдеді.
Мекеме мәліметінше, 4 шілде күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.
Кезекші ХҚКО-лар сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
6 шілде – Астана күніне байланысты демалыс күні.
Кезекші ХҚКО-лардың өзекті тізімімен мемлекеттік корпорация ұсынған карусель арқылы танысуға болады.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс тәртібіне көшеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript