Қазақстанда 9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ұлы Жеңіс күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімдемеге сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай барлық ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
11 мамыр күні кезекші орталықтар азаматтарды қабылдайды.
Бұл күні:
- ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді;
- мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініш қабылдау 12:00-ге дейін;
- дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қалған күндері барлық ХҚКО және мамандандырылған орталықтар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны туралы ақпаратты ресми дереккөздерден білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript