Жаңа жыл және Рождество мерекесінде ХҚКО мен МХҚКО қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 16:31 Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтарына мерекелік күндерде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-дардың жұмыс тәртібі туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылдың 1 және 2 қаңтары, сондай-ақ 7 қаңтарда барлық ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар жұмыс істемейді.

"3 қаңтар (сенбі) кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар үшін жұмыс күні болып табылады. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі", – делінген хабарламада.

5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, будние күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде арнайы ХҚКО-дар, азаматтарды 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

"Кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді", – еске салды мемлекеттік корпорация.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: