Мамыр мерекелерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 09:05 Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесін жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:

  •  өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
  •  дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін:

  •  gov4c.kz сайтынан;
  •  ресми Instagram парақшасынан;
  •  1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: