Geo News мәліметінше, ұйымдастырушылар бұл сайысты адам мен "терминатор" робот арасындағы әлемдегі алғашқы жекпе-жек деп атады. Сондықтан әлеуметтік желілерде жарияланған видео қызу талқыға түсті.
Жекпе-жек барысында Фрэнки ЛаПенна роботқа бірнеше рет соққы жасаған. Ал робот бастапқыда тек шабуылды қайтаруға тырысқан. Алайда кейін ол қарсы шабуылға көшті.
Гуманоид робот қолымен және аяғымен соққы жасап, бір сәтте Фрэнки ЛаПеннаны тордың арғы жағына ұшырып жіберген.
Айта кетейік, роботты жасанды интеллект басқармаған. Адамға ұқсас роботты арнайы пилот қашықтан басқарып отырған.