Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті

Сурет: pexels
Басра провинциясындағы Ирак тайпасының мүшелері Аден шығанағында қарақшылар басып алған мұнай танкерін азат етті. Арнайы операция барысында экипаж босатылып, шабуыл жасаған жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Shafaq News басылымының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын шейх Али әл-Шағанби айтып берген. Оның сөзінше, кеме әл-Шағанба тайпасының мүшесіне тиесілі. Қарақшылар танкер Аден шығанағы арқылы өтіп бара жатқанда оны басып алып, экипаж мүшелерін кепілге ұстаған және өтемақы талап еткен.

Кемені құтқару үшін Абу-эль-Хасиб ауданы мен Джикур ауылының тұрғындары кеме иесінің туыстарымен бірге шетелдік серіктестермен үйлестіре отырып операция ұйымдастырған. Рейд нәтижесінде қарақшылар болуы мүмкін жеті адам ұсталып, экипаж мүшелері босатылды.

Шейхтің айтуынша, шабуыл жасаған бірнеше адам қашып кеткен. Танкердің атауы, операцияның нақты қашан жүргізілгені, экипаж құрамы және ресми билік өкілдерінің операцияға қатысқаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін АҚШ әскери кемелерге жасалған шабуылдан кейін Иранның мұнай флотына соққы берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады