Gazeta.ru мәліметінше, жоғалып кеткен ер адамды туыстары ауылдастарымен бірге түнге дейін іздеген. Іздеу жұмыстары таңертең қайта жалғасқан.
Арада бір тәулікке жуық уақыт өткенде ер адамның денесі өлі күйінде табылды. Қаза тапқан адамның аяқтары денесінен ажырап қалған, ал бір аяғын жолбарыс тағы 12 метрге сүйреп әкеткен.
Полиция мен орман күзеті қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, тиісті хаттама толтырған. Мамандардың анықтауынша, ер адам саңырауқұлақ теріп жүрген кезде оған жолбарыс шабуыл жасаған.
Оқиғадан кейін қаза тапқан адамның отбасына өтемақының бір бөлігі төленді. Қалған сомасы барлық қажетті құжаттар рәсімделгеннен кейін беріледі.
Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Себебі көптеген адам отын және маусымдық жемістер жинау үшін осы орманға барады.