Алғашқы кездесуде жас жігіт қызға пышақпен шабуыл жасап, пәтерді өртеп жіберген

Сурет: pixabay
Башқұртстанда 17 жастағы қыз интернет арқылы 19 жастағы жігітпен танысып, ұзақ уақыт хат алмасқан. Алайда бұл таныстық қыз үшін қайғылы аяқталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mash Batash Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға Сибай қаласында жастар екі бөлмелі пәтерде бірге болған кезде орын алған.

Жас жігіт қызға пышақпен шабуыл жасап, оған бірнеше рет жарақат салған. Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Осыдан кейін ол пәтерді өртеп жіберген.

Өрт қойған жігіттің өзі ауыр күйік алған. Ал қыз аман қалған. Оны ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған. Қыздың жүрегі тоқтап қалғанымен, дәрігерлер оны аман алып қалған. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жәбірленуші аталған пәтерге жігітпен алғашқы кездесуге барған. Бұл олардың алғаш рет жүзбе-жүз кездесуі болған. Кейін қыздың биыл Сибай колледжіне студент болып түскені белгілі болды.

Ал жас жігіт психиатрдың бақылауында тұрған.

Бұған дейін америкалық азаматтың метрода қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін