Көпқабатты үйдегі жарылысқа мысық себеп болуы мүмкін

Сурет: pexels
Ресейдің Одинцово қаласында үй жануары көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған жарылысқа себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 1 қазанда 19-қабаттағы пәтерде болған. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша департаменті пәтер иелері туристік газ баллонын электр плитасының жанына қалдырғанын хабарлады. Жарылыс болған кезде пәтерде мысықтан басқа ешкім болмаған.

"Болжамдардың біріне сәйкес, жануар абайсызда плитаның сенсорлық панеліне немесе қосқышына тиіп кетіп, оны іске қосуы мүмкін. Беттің қызуы газ баллонының жарылуына себеп болған", – деп хабарлады Ресей ТЖМ.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Алайда жарылыс салдарынан пәтердің балконы мен әйнектері зақымдалып, тамбур мен тұрғын бөлменің арасындағы ішкі қабырға қираған.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ жылыту маусымының басталуына байланысты қазақстандықтарға маңызды ескерту жасаған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады