Қытайда қоқыс жинап күн көрген ер адам шотында 28 млн теңге зейнетақысы бар екенін білмеген

Фото: pixabay
Қытайдың орталық бөлігінде тұратын қарт ер адам соңғы 20 жыл бойы күнкөрісін әрең көріп келген. Алайда жақында оның есепшотында қомақты қаржы жиналып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының жазуынша, 71 жастағы Жу бірнеше ондаған жыл бойы Чандэ қаласында қоқыс жинап, күн көрген. 2000-жылдардың басында ол 30 жыл жұмыс істеген мемлекеттік кәсіпорыннан жұмыстан шығарылып, өтемақы алған. Алайда ер адам ақшаны тез жұмсап, қарызға батып, туыстарымен араздасып қалған. Осыдан кейін ол қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жинай бастаған.

2024 жылдың қысында әлеуметтік көмек қызметінің мамандары Жуды қараусыз қалған ғимараттан тауып алған. Шенеуніктер оған үнемі қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетіп отырған. Ақырында ер адам баспанаға көшуге келіскен.

Жақында билік өкілдері Жудың құжаттарын рәсімдеумен айналысып жатқан кезде, оның 2015 жылы-ақ зейнет жасына жеткені анықталды. Оның ай сайынғы зейнетақысы шамамен 3700 юаньды (251 мың теңге) құрайды. Ал соңғы 10 жылда зейнетақы шотында 420 мың юаньнан астам (шамамен 28 млн теңге) ақша жиналған.

Әлеуметтік қызметкер оған барлық қаржысы сақталған банк картасын табыстады.

Басылымның атап өтуінше, ұялы телефоны болмағандықтан, ер адам қоғамдағы өзгерістерден хабарсыз болған және елдегі зейнетке шығу тәртібін білмеген.

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласының тұрғыны да күтпеген жерден байып кеткен. Ол қоқыс салынған пакеттен 19 млн воннан астам (шамамен 7 млн теңге) ақша тауып алған. Ақшаның иесі табылмаған соң, ер адам олжаға ие болған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін