Бұл туралы Anadolu Ajansı Чехияның қоғамдық телерадиокомпаниясы Czech Television-ға сілтеме жасап жазды.
"Czech Television бюджетке енгізіліп жатқан өзгерістерге байланысты 2027 жылғы байқауға қатыспау туралы шешім қабылдады", – делінген хабар таратушы компанияның мәлімдемесінде.
Компания өкілдері "Евровидениеге" қатысу бағдарламалық, өндірістік және ұйымдастырушылық тұрғыдан айтарлықтай ресурсты қажет ететін ауқымды жоба екенін атап өтті.
Czech Television әр байқауға қатысу туралы шешім жеке қабылданатынын мәлімдеді. Сондықтан Чехияның "Евровидениеге" қашан қайта оралатыны әзірге белгісіз.
Чехия 2015 жылы "Евровидениеге" қайта оралғаннан кейін ән байқауына тұрақты түрде қатысып келген. Алайда қоғамдық телерадиокомпанияның мәлімдемесінде елдің алдағы уақытта байқауға қашан қатысатыны нақтыланбаған.