Белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желілерін бұзды

Сурет: pixabay
Белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинованың жеке парақшасын бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсел Артакшинова бұл ақпаратты Facebook арқылы жариялады.

Facebook-ке Instagram арқылы жазып отырмын! Өкінішке қарай, белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова

Ол Facebook-тің бас кеңсесіне хат жолданғанын атап өтті.

Осыған орай Facebook желісіндегі ақпараттарды Instagram арқылы өз парақшамда және Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жеке парақшасында жариялайтын боламыз.Әсел Артакшинова

Бұдан бөлек, ресми ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында және Instagram, Telegram әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін