Әскери техника тасымалына қатысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің лагерлік жиыны өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады.

Әскери техниканың қозғалысы сондай-ақ 15 тамызда да (дүйсенбі күні) іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонына қарай қозғалады.

Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін