Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан өтіп жатқан Әлем кубогында "алтын" еншіледі

Сурет: Әсем Орынбай
Орталық спорт клубы спорт комитетінің әскери қызметшісі 2023 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына алғашқы алтын медальды салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спорт комитетінің сұрмергені Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан Әлем кубогының чемпионы атанды. "Skeet" әйелдер санатындағы командалық есепте ол АҚШ командасы спортшыларының алдын орап, алтын медаль жеңіп алды.

2023 жылдың 11-24 қаңтар аралығында Рабат қаласында стендтік атудан әлемдік турнир өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 13 спортшы қатысып жатыр.

Мароккодағы Әлем кубогы халықаралық спорттық ату федерациясының кестесіндегі рейтингті көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия ұтып алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир болып табылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды