Бұл сүйінші жаңалықты "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабардар етуді жалғастырамыз. БЗТ пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Енді зейнетақы жинақтарының көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады.Нұрлан Ақшанов
"Отбасы банк" өкілі біржолғы зейнетақы төлемдерін жер сатып алу мақсатында пайдалану үшін телімнің нысаналы мақсаты – ЖТҚ немесе ЖҚШ болуы тиіс екенін ескертті.
Жаңа енгізілген ереже бойынша, жер сатып алған жағдайда, ол жерге 24 айда үй салып, банкке құжаттарды ұсыну қажет.
Сондай-ақ "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланып, жер сатып алуға қажетті құжаттарды да атап өтті.
Жер телімін алуға қажетті құжаттар:
Қолданысқа енгізілу актісі, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.