Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы жастары" бойынша биыл 1 100 азаматқа несие беру жоспарланып отыр

үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 23:35 Сурет: pixabay
Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1 100 азаматқа несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ Алматы бойынша директоры Данагүл Түсіпова өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

"2017 жылдан бастап қаламызда "Алматы жастары" жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Ол барлық өңірде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. "Елорда жастары", "Алатау жастары" бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі. Биыл өзгерістер жоспарланып отыр, енді әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін хабарлаймыз. Біз 1 100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна - 10%, пайыздық мөлшерлемесі -  5%. Данагүл Түсіпова

"Отбасы банк" өкілі сонымен бірге табысы төмен отбасылар қандай ипотеканы ала алатынын айтты.

"Егер олар жергілікті атқарушы органдар тарапынан баспана кезегінде тұрса, "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларына қатыса алады. Бұл бағдарламалар үшін төлем қабілетінен растаудың жеке шарттары бар, мұнда әрбір отбасы мүшесінің шығындары азырақ сомада есептеледі, сонымен бірге бұл бағдарламалар бойынша бастапқы жарна жеңілдетілген және айтарлықтай төмендетілген".Данагүл Түсіпова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: