Жыл соңына дейін "Алматы жастары" бағдарламасымен 55 несие беріледі

Жыл соңына дейін "Алматы жастары" бағдарламасымен 55 несие беріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 16:39 Сурет: pixabay
"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жастарға 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі.

Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. Тұрғын үй бағдарламасын қолдау Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жалғасып келеді.


"Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотека несиесін беруге мүмкіндік береді", - деді Қанат Сухамбеков.

Биыл "Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: