Астанада туннель салуға байланысты Алматы көшесі жыл соңына дейін жабылады

Жол жөндеу, Астана, туннель, құрылыс, Алматы көшесі, 15 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 17:45 Сурет: Zakon.kz
Астанада "Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу" жобасы аясында 15 тамыздан бастап осы жылдың соңына дейін белгілі бір көшелерде құрылыс жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел данғылына дейінгі аралықта Алматы көшесінде көлік құралдарының қозғалысына толықтай тыйым салынады: 15 тамыздан бастап жыл соңына дейін.

Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің, Алматы көшесі мен Мәнгілік Ел даңғылының қиылыстары ашық болады.

Жол жабылады, Астана, Алматы көшесі, 15 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 17:45

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Айта кетсек, Алматыда көлік кептелісі жиі болатын көшелердің бірі 11 сағатқа жабылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: