Қазақстанда бір айда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 17,4% өсті

Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы тамызда тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 35 686 болып, биылғы шілдемен салыстырғанда 17,4% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте шілдедегі транзакциялар саны бойынша, тиісінше, 6392 және 6389 транзакциямен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр. Барлық транзакцияның ең азы – 412, Ұлытау өңірінде жасалған.

Статистика мамандарының мәліметінше, тамыз айында 12 өңірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің өсімі байқалған. Ең үлкен өсімді Нұр-Сұлтан (45,6%), Алматы (30%), Шымкент (29,6%) және Атырау облысы (22,6%) көрсетті.

Бір айда жасалған транзакциялар санының ең көп төмендеуі аймақтардың бөлінуіне байланысты Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында болды. Дегенмен Қарағанды ​​облысында транзакциялар саны 5,7% азайған.

Көппәтерлі тұрғынүйдегі пәтерлер бойынша мәмілелер (74,3%) дәстүрлі түрде басым, жеке үйлерді сатудағы үлес 25,7% болды.

Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтер екі бөлмелі пәтерден көп сатылды. Тамызда оның 9879-ы берілді. Бір бөлмелі пәтерге қатысты мәміленің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (2888) және Алматыда (2687) жасалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды