Қазақстанда бір жылда жаңа баспана 17,3 пайызға қымбаттады

Сурет: freepik
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3%-ға артты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе – 30,3%, Семей – 26,9%, Ақтау – 25% қалаларында қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді – Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы ең қымбат бағалар Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%) анықталды.

Бір айдың ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 1%,  жаңа тұрғын үйді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 2,4% төмендеді.

Статистер ұсынған мәліметке сүйенсек, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6%-ға артты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті