Елімізде тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша, алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда тұрғын үйді жалға беру нарығында баға 2,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті.

Мәселен, сатылатын жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 481 891 теңге, пәтерлерді қайта сату 515 019 теңге, абаттандырылған тұрғын үйді бір шаршы метрін жалға алу құны 4 671 теңге болды.

Статистер ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бір жылда (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті.

Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты