Бұл орайда біз жүрегін мұз басқан адамдар емес, денсаулыққа пайдалы көрінгенімен, бірақ, қандай жағдайда қауіпсіз саналатын бал туралы айтамыз. Пайдалылығына қарамастан бал техникалық регламенттерге сәйкес қауіпсіздік талаптарына да сай болуы қажет.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі техникалық регламенттерді бұзу фактілерін болдырмау мақсатында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласындағы бөлшек сауда нысандарының бірінен өндіруші: "Мусихин. Мир мёда" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ресей, Орынбор, күнбағыс балын сатып алды.
Әрі қарай, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарын басшылыққа ала отырып, мен өнімді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сараптама басқармасының Ақтөбе облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасына техникалық регламенттерге сәйкестігіне зерттеу жүргізуге тапсырдым.
2024 жылдың 09 шілдесіндегі № 740 тамақ өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамасына сәйкес, келесідегідей бұзушылықтар анықталды:
- жапсырмада әртүрлі күндер көрсетілген: жинау күні – 2023 жыл және өндіру күні – 2024 жылдың 29 мамыры.
- Өнімдерді пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер көрсетілмеген.
- Таңбалау мемлекеттік тілде толық көрсетілмеген.
Сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын анықтау және техникалық регламенттерді бұзушылықтарды жою шараларын қолдану үшін қоғамдық бірлестік материалдарды тиісті органдарға жіберді.
Фактілерді тексеруші органдар растаған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісіне сәйкес айыппұл салынады.
Сурет: Жанна Биятан
Табиғи бал мен ара өнімдеріне қойылатын талаптар
Ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының қауіпті жұқпалы ауруларын, сондай-ақ: американдық шірік, еуропалық шірік, нозематоздар – соңғы үш жылда шаруашылық аумағында аудандастыруға сәйкес әкімшілік аумақтар мен шаруашылықтардан (омарталардан) алынған табиғи бал мен бал ара шаруашылығы айналымға рұқсат етіледі.
Бал және ара шаруашылығы өнімдерінде:
- органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштері өзгерген болса;
- құрамында табиғи немесе синтетикалық эстрогенді гормоналды заттар мен тиреостатикалық препараттар болса, онда оларды айналымға рұқсат етпейді.
Сондай-ақ, табиғи балда хлорамфеникол, хлорфармазин, колхицин, дапсон, диметридазол, нитрофурандар, ронидазол сияқты препараттар қалдықтары болуына (сондай-ақ кумафос – 100 мкг/кг және амитраз – 200 мкг/кг артық емес мөлшерде) рұқсат етілмейді.
Бал мен ара шаруашылығы өнімдерінде араларды емдеу және емдеу үшін қолданылған басқа дәрілік заттардың қалдықтарын сақтауға жол берілмейді. Өндіруші бал жинау және ара өнімдерін өндіру кезінде қолданылған барлық пестицидтерді көрсетуі керек.
Егер бал жабық ыдыста болса, онда оны екі жылға дейін сақтауға болады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін тауарлар туралы, заңды бұзған өндірушілер мен сатушыларға қолданылатын шаралар жайында, сондай-ақ бұзушылықтары анықталған өнімдерге қатысты хабардар болғыңыз келсе, біздің жарияланымдарды бақылап жүріңіз.
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарынқорғау туралы" заңына сәйкес:
- Тұтынушы тауардың және дүкеннің фото-бейнежазбаларын дәлел ретінде пайдалануға құқылы;
- Тұтынушы сатып алғанын растайтын және тауар, оның бағасы және сатушы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты алуға құқылы;
- Мұндай құжаттың болмауы тұтынушыны өнімнен кемшіліктер анықталған жағдайда талап қою, ақшасын қайтару немесе өнімді айырбастау мүмкіндігінен айырады.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.