Жаңалықтар тізбегі
0

Халықтық штабтың сайты іске қосылды: АЭС туралы барлық ақпарат бір платформада

АЭС туралы, Халықтық штаб, сайт, aes2024.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:54 Сурет: aes2024.kz
Amanat партиясының TALQYLAU диалог алаңының отырысы аясында Атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайтының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықтық штабтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ресурс – aes2024.kz алдағы референдум мен Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.

Аталған платформада әлемдегі атом энергетикасының даму тарихымен танысуға болады – АЭС саны мен халықаралық тәжірибеден бастап, қауіпсіздік стандарттары мен жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейінгі деректер қамтылған. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың Медиа-тобының жетекшісі Бақтияр Мәкен жаңа порталдың тұсаукесері барысында сайттың халықты атом энергетикасы мен алдағы референдум туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.

"Референдум туралы және атом энергетикасының ерекшеліктері жайлы объективті әрі толық ақпарат беру мақсатында біз Қазақстанда өтетін референдумға арналған бірыңғай ақпараттық ресурс аштық. Бұл сайт атом энергетикасы мен референдум мәселелеріне қызығушылық танытқан азаматтар үшін негізгі ақпарат көзіне айналады. Ресурс құрылымы егжей-тегжейлі ойластырылған. Сайт қолданушыға барынша ыңғайлы етіліп жасалған: интерфейс оңай әрі қажетті ақпаратты еркін алуға мүмкіндік береді", – деді Бақтияр Мәкен.

Сайт, Халықтық штаб, АЭС туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:54

Сурет: aes2024.kz

Сайт қазақ және орыс тілдерінде үш негізгі айдарды қамтиды: "Жаңалықтар", "Атом энергетикасы туралы" және "АЭС салу бойынша". Айдарлар мен олардың сипаттамалары түсінікті әрі қарапайым тілмен жазылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін басты бетте референдумның күні мен өтетін орны көрсетілген және кері санақ жүргізілуде. Электронды сағаттар нақты уақыт режимінде кері санақ жүргізіп, сайлау учаскесіне бару уақытын жоспарлауға мүмкіндік береді.

"Сайт құрылымы ыңғайлы, қолданушыға қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді. Басты бетте атом энергетикасының экономикалық, экологиялық және басқа да аспектілері туралы мазмұн қысқаша әрі түсінікті түрде берілген. Интернет қолданушысы АЭС құрылысына қолдау білдіру немесе қолдамау мәселесінің қоғамға қалай әсер ететінін біле алады. Әрбір сайлаушының дұрыс шешім қабылдауы үшін беделді сарапшылар, соның ішінде "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы директорының орынбасары Александр Клепиков және басқа да мамандар өз пікірлерімен бөлісетін болады", – деп қосты Бахтияр Мәкен.


Сайт, АЭС туралы, Халықтық штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:54

Сурет: aes2024.kz

"Атом энергетикасы туралы" айдарында "Әлемдегі атом энергетикасы", "АЭС салудың әлемдік тәжірибесі", "Жиі қойылатын сұрақтар" және "Әлемдегі АЭС саны" сынды маңызды бөлімдер бар. Мұнда атом энергетикасы туралы кең көлемді ақпарат қолжетімді. "АЭС салудың әлемдік тәжірибесі" бөлімінде пайдаланушылар басқа елдердің сәтті жобаларымен және озық тәжірибелерімен таныса алады.

Әрине, сайттағы ең танымал бөлімдердің бірі "Жиі қойылатын сұрақтар" болмақ, мұнда АЭС құрылысы, дауыс беру процесі, оның артықшылықтары мен ықтимал қауіптері туралы барлық сұрақтарға қарапайым тілмен жауаптар берілген. Ең жиі қойылатын алты сұрақтың жауабы ұсынылған, олар экологиялық қауіпсіздіктен бастап саяси тәуекелдерге дейінгі мәселелерді қамтиды.

Сайт қазақстандық қоғамның атом энергетикасына қатысты барлық сауалдарға жауап береді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сайт жасаушылары көрсеткен байланыс орталығының телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 (7172) 707 628.


Сайт, АЭС туралы, Халықтық штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:54

Сурет: aes2024.kz

Жалпы, шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Төрағасы Талғат Темірханов және "Экономикалық зерттеулер институты" Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов қатысты.

Еске сала кетейік, елдегі ең белсенді және беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді. Штаб атом электр станциясын салу идеясы төңірегінде халықты біріктіру мақсатында құрылған. Оның құрамына алты саяси партияның 250-ге жуық өкілі және 20 республикалық қоғамдық ұйым кірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: