Оларды Жамбыл облысы бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына кешенді зерттеуге тапсырды. Зерттеу нәтижесінде 1-ші өнімде:
- Азық-түлік өнімін пайдалануға қатысты ұсыныстар немесе шектеулер туралы ақпараттың жоқтығы анықталды.
Сурет: Жанна Биятан
2-ші өнімде келесідегідей:
- Азық-түлік өнімінің құрамы туралы;
- Азық-түлік өнімінің мөлшері туралы;
- Азық-түлік өнімінің өндірілген күні туралы;
- Жарамдылық мерзімі туралы;
- Азық-түлік өнімін сақтау шарттары туралы;
- Өндірушінің атауы және орналасқан жері туралы;
- Өнімді пайдалану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер туралы;
- Азық-түлік өнімінің тағамдық құндылығы туралы көрсеткіштер;
- Өнімде генетикалық модификацияланған организмдердің бар-жоғына қатысты мәліметтер;
- Бірыңғай айналым белгісі туралы;
- Өнім партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
Қазақстан
Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы
7-тармағына сәйкес, тек
бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі, әсіресе, мемлекеттік
тіл – қазақ
тілі болып табылатын Қазақстанда тұтынушылардың өз ана тілінде ақпарат алуға
құқы бар. Дұрыс емес немесе толық емес ақпарат өнімді дұрыс түсінбеуге немесе
оны дұрыс пайдаланбауға әкелуі мүмкін.
Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, Жамбыл облысының тұрғындары eotinish.kz сайты арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы. Сондай-ақ, тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарға жүгініп, олардан кеңес алуға немесе жауапсыз кәсіпкерлерден қорғауға көмек алуға болады.
Кәсіпкерлердің жауапкершілігі: бұзушыларды не күтіп тұр
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату үшін сауда орындары жауапты болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату үшін айыппұлдар мен басқа да шаралар көзделген. Сатушылар мұндай өнімдерді сатудан сол заматта алып тастауы тиіс.
"Таңбалама ережелерін бұзу – бұл жай ғана формальды қате емес, бұл тұтынушылардың денсаулығына немқұрайлы қараушылық. Қауіпсіздік стандарттарын сақтамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер заң талаптарын орындауы, ал бақылау органдары нормалардың орындалуын қадағалауы өте маңызды. Тұтынушылар хабардар болуы керек, ал кәсіпкерлер сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық нормалар мен ережелерді сақтауға тиіс", - деп есептейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының сарапшы Жанна Биятан.
"Қырағылық танытып, өз құқығыңызды қорғаудан қорықпаңыз. Тек бірлескен күш-жігермен нарықтағы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге болады", - деп қосты ол.
Құқыққорғаушы сарапшының тұтынушыларға ұсыныстары:
- Сатып алудан бұрын тауарлардың жарамдылық мерзімін мұқият тексеріңіз.
- Қаптамадағы өнім туралы ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік тілде мәліметтердің бар-жоғын қараңыз.
- Егер жарамдылық мерзімі өткен немесе дұрыс таңбаланбаған тауарларды тапсаңыз, бұл туралы тиісті органдарға хабарлаңыз.
Бұл материал әлеуметтік жобаны жүзеге асырушы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі арқылы дайындалды және зерттеу нәтижелері тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды. Мақсат – тауарлардың қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін, яғни Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу және тексеру жүргізу.
Тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген
зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар
бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.