Жамбылда "Парасат елшісі" республикалық байқауының жеңімпазы анықталды

Республикалық байқау, Жамбыл облысы, Антикор, Парасат елшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:49 Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Парасат елшісі" республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ай бұрын бастама алған байқау аясында барлық өңірлерде парасаттылықты насихаттауға елшілік еткен 20 команда 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырған.

Республикалық байқау, Тараз, Парасат елшісі, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:49

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Республикалық байқау, Тараз, Парасат елшісі, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:49

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Үздік атанған 5 команда финалдық кезеңде өзара бақ сынасып, тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша:

  • І-ші орынға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің "10Ted" командасы,
  • ІІ-ші орынға "Шығыс Қазақстан Американдық Еркін университеті" жоғарғы колледжінің "Саналы ұрпақ" командасы,
  • ІІІ-ші орынға Қарағанды облысы, Қарағанды индустриялық университетінің "Абадан" командасы ие болды.

Үздік командалар қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Республикалық байқау, Тараз, Парасат елшісі, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:49

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: