Тараз қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Тараз қалалық мәдениет үйінің қызмектерлерімен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Т.Нұрханова қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық бағытындағы заңнамалық өзгерістер, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық, жемқорлықтың алдын алу механизмдері баяндалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтудің маңыздылығы баяндалды.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының" негізгі ережелері мен талаптары, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметінің бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары туралы баяндалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript