Жамбыл облыстық қан орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кездесу өтті

Кездесу, Жамбыл облысы, қан орталығы, сыбайлас жемқорлық, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 12:37 Сурет: gov.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық қан орталығында кездесу өтті. Орталық қызметкерлері алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Т.Нұрханова сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет екені айтылып, осы саладағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама" бойынша баяндама жасалды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Қан орталығы ұжымы, Тараз, кездесу, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 12:37

Сурет: gov.kz

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: