Жамбыл ауданында бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті

Кездесулер білім, мәдениет, денсаулық сақтау салалары, сондай-ақ квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, сондай-ақ аудан кәсіпкерлерімен өткізілді. Іс-шаралар барысында білім, денсаулық сақтау салаларына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, осы салаларда кездесетін жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы міндеттер, жемқорлық әрекеттер, пара беру, пара алу үшін заңмен қарастырылатын жауапкершілік, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, оған қарсы пәрменді шаралар қабылдау туралы айтылды.
Сондай-ақ, "Бизнеске жол" жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, кездесуге қатысқан бизнес өкілдеріне мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау керектігі айтылды.