Тәтті қуаныш пен таңдаудағы ерекшелік - кәмпиттер не үшін қауіпті болуы мүмкін

Жұмыс күнінің ортасында немесе жақын адамдарыңызды еркелеткіңіз келгенде аздаған тәттіден рахаттанудан артық не бар дейсіз? Дегенмен, кәмпиттер сияқты қарапайым қуаныш тек дәмді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз де болуы керек.

2024 жылдың қыркүйегінде "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестік ("MOТҚҚҚ" ҚБ) өкілі өзінің ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында жасырын сатып алушы әдісімен Қостанай қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен тәттілер сатып алған. Азық-түлік себетінде: "Пистолет с леденцем", "Lollipop Shooter", "Муренка" вафельді кәмпиті, "Bear" және қораптағы "Сигареты" шайнайтын кәмпиттері болды. Барлық сынамалар қауіпсіздік пен Кеден одағы Техникалық регламенті (КО ТР 021/2011 және КО ТР 022/2011) талаптарына сәйкестігін талдау үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына сынауға жіберілді.

Сурет: Жанна Биятан

"Сигареты" деген жазуы бар қаптамадағы кәмпиттер ата-аналар арасында түрлі күлкілі сезімді тудырары хақ. Бұл жай ғана әзіл болса да, ата-аналар балаларға арналған кәмпиттердің әдеттен тыс түрлеріне абай болуы керек. Темекі түріндегі өнімдер жағымсыз елестерімен балалардың әдеттерің қалыптастуруға қалай әсер ететінін ескерген жөн".Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова

Сурет: Жанна Биятан

Зерттеу хаттамаларының нәтижелеріне сүйене отырып белгілі болғаны: карамель өнімдері қауіпсіздік пен таңбалама талаптарына сәйкес келсе де, басқа өнімдер бұдан да жақсырақ болса деген ниет қалыптастырады. Негізгі сәйкессіздіктерге келсек:

Қаптамадағы ақпарат жай ғана формальдылық емес. Бұл тұтынушыға өнімнің құрамы мен жарамдылық мерзімі жайында білуге ​​ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатерге ұшырамас үшін оны қалай дұрыс сақтау керектігін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды ақпараттар көзі. Мысалы, сақтау шарттарының көрсетілмеуі өнімді жегенге дейін бұзылып, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

"Таңбалама – бұл сіздің сақтандыруыңыз! Жапсырманы оқи отырып, сіз өнім туралы ғана емес, сонымен қатар оның тарихына қатысты да біле аласыз – оны кім және қайда шығарды, неден тұрады және оны қалай дұрыс сақтау керек. Бұл біздің балаларымызға ұсынатын өнімдерге келгенде өте маңызды", – дейді Алия Расбекқызы.

Қауіпсіз тәттіні қалай таңдауға болады?

Тәттілерді таңдауда қателіктер жібермеу үшін төмендегідей қарапайым ұсынымдарды орындаған жөн:

"Тұтынушылар қаптамаға мән бергенде, олар өз құқықтарын қорғап қана қоймай, нарықтың қауіпсіздігін әрі жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Біздің барлығымыз дәмімен ғана емес, сапасына сенімділігімен де қуанта алатын өнімдерге лайықпыз". Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: