Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңінен ақпараттық науқан өтті
Сондықтан бұл мәселеге қарсы жүйеліәрі кешенді шаралар қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру –мемлекеттің негізгібасымдықтарының бірі. Бұл бағытта құқықтықсауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде адалдық қағидаларын тәрбиелеу, цифрлық технологияларды енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту басты рөл атқарады.
Сурет: "Жетісу жастары ұйымының Конгресі"
Қазақстанда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты– қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайту арқылы жемқорлықты жою. Әрбір азаматтың белсенділігі мен заңға бағынуы – бұл күрестің табыстылығының кепілі. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз сыбайлас жемқорлықтан азат, әділетті қоғам құра аламыз.
Осыған сәйкес, биылғы жылы Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған кеңінен ақпараттық науқан жүргізілді.
Сурет: "Жетісу жастары ұйымының Конгресі"
Науқан аясында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары, құқықтық кеңес беру, арнайы әзірленген 2 000-нан ақпараттық брошюралар тарату және 113 ауылдық округ пен 6қалада 150 дана билбордтар орналастырылды.
Сонымен қатар, өңірде 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мәдениетті көтеру мақсатында оқушылар, волонтерлер, жастар, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес өкілдерінің қатысуымен 5 ірі жоба іске асырылды.