Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде қызды аяусыз соққыға жыққан жасөспірім жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсініктеме берді

Өсемен, Антикор қызметкері, қыздар арасындағы төбелес, әлімжеттік, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 15:35 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде бір қызды екінші бір қыздың аяусыз ұрып-соғып жатқанын көрсететін видео тарады. Артынша ұрған қыздың әкесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері екен деген ақпарат шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті осы ақпарат жөнінд түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде, АДК сауда орталығында орын алып қоғамдық резонанс тудырған оқиға қатысушыларымен, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің бірінің туыстық қарым-қатынастары бар деген ақпарат таратылуда. Осыған байланысты, бұл факт шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми мәлімдейміз, оқиғаға қатысқан адамдардың ШҚО Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық қатынастары жоқ", – деп жазды Департамент бастығы Денис Шакенов Facebook-тегі парақшасында.

4 сәуірде әлеуметтік желілерде жасөспірім қызды басқа қыздардың аяусыз ұрып-соғып жатқанын көрсететін видео тарады. Кейін бұл жағдай бір айдан астам уақыт бұрын Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде болғаны белгілі болды. Ұрып-соғу фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

5 сәуірде сауда орталығында болған оқиға бұл ғана екені және зардап шеккен қызға үнемі шабуыл жасалатыны анықталды. Мұны көптеген бейнежазбалар растайды. Қылмыскер қалалық мектептердің бірінде оқитыны анықталды. Өскемен қаласының білім бөлімі әлімжеттік көрсеткен тоғызыншы сынып оқушысы мектептен шығарылмайтынын және оған оқу орнын бітіруге мүмкіндік берігенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: