Сарапшылар сапалы күнбағыс және сары майды қалай таңдауға болатынын айтты

2024 жылдың маусым айында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі Атырау дүкендерінің бірінен жасырын сатып алушы әдісімен ресейлік өндірушілердің "Благояр" брендінің бірінші сұрыпты тазартылған дезодорацияланған күнбағыс майы мен "TOСН" МЖД 82,5% дәстүрлі сары майын сатып алды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасында бір жан басына шаққандағы май және май өнімдерін тұтынудың орташа мөлшері 3,8 кг құрады. Сұраныс жоғары болғанымен, сапасыз немесе жалған өнімдер нарыққа шығып, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді. Тәжірибе көрсеткендей, жалған өнімдер көбінесе сүт және май өнімдерінде кездеседі. Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес контрафактілік өнімдерді сату, әсіресе азық-түлік саласында сатылуы, денсаулыққа өте қауіпті. Күнбағыс майы мен сары май Үкімет қаулысына сәйкес, күнбағыс майы мен сары май әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатқызылады, сондықтан олардың сапасы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамамен қатаң реттеледі.

Сурет: Жанна Биятан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысы бойынша "Ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін өнімдер ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жіберілді. Тексеру барысында екі өнім де органолептикалық және май қышқылы көрсеткіштеріне сәйкестігін көрсетіп, тұтынушылар үшін қауіпсіздігі мен сапасын растады, бірақ, екі өнім де мемлекеттік тілде таңбаланбаған. Бұл Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" техникалық регламенті талаптарына тікелей сәйкес келмейді. Қазақстан Республика заңнамасына сәйкес, Қазақстан аумағында сатылатын барлық өнімдерде қазақ және орыс тілдерінде толық ақпарат болуы керек.

Азық-түлік таңбаламасы – тұтынушыларға өнім туралы қажетті барлық негізгі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін маңызды қауіпсіздікті сақтаушы. Мемлекеттік тілдегі таңбаламаның болмауытұтынушылардың ақпаратқа қолжеткізу құқықтарын бұзады. Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңы импорттаушыларды өз қаражаты есебінен жапсырмалардың аудармасын қамтамасыз етуге міндеттейді, бұл да азаматтардың мүдделерін қорғауға көмектеседі. Бұл екі тілдегі толық ақпаратсыз ешбір өнім сөреге түспеуі керек дегенді білдіреді.

Сурет: Жанна Биятан

Таңбалама талаптарының бұзылуы – тауардың жалғандығы немесе тұтынушыға өнімнің мазмұны немесе сипаттамалары туралы қате ақпарат беріледі деген күдік тудырады. Бұл, әсіресе, күнделікті тұтынылатын және адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай әсер ететін сары май сияқты өнімдер үшін өте маңызды.

"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Алия Алибекова таңбалама ережелерін сақтамау – өнім сапасына қатысты басқа да ықтимал проблемаларды көрсетуі мүмкін екенін айтады.

"Таңбалама проблемалары өндіруші/импорттаушы сертификаттаудың және өнімнің қауіпсіздігін сынаудың барлық сатыларынан өтпегенін хабарлайтын бірінші белгі болып табылады. Тұтынушы үшін бұл денсаулыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін, әсіресе, өнімде жасырын компоненттер болса немесе ол белгіленген талаптарға сай келмесе"."МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Алия Алибекова

Жалған өнімдердің құрамында денсаулыққа теріс әсер ететін табиғи ингредиенттерді алмастыратын заттар немесе басқа да арзан ингредиенттер болуы мүмкін, бұл өнімнің тағамдық құндылығын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар тұтынушылардың оның құрамы туралы сенімді ақпарат алу құқығын бұзады.

ХХІ ғасырда тұтынушыларда тауарлардың сапасын тексерудің дәстүрлі, сол сияқты жаңа мүмкіндіктер: штрих-кодтарды сканерлеу арқылы тауардың сипаттамаларына және оның өндірушісіне қатысты ақпараттарды алуға болатын мобильді қосымшалар.

Тағы бір маңызды қадам – ​​сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын тексеру. Бұл өнімнің барлық қажетті сынақтардан өткенін және белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін растайтын ресми құжат. Кез келген өнімді сатып алмас бұрын тұтынушылар бұл құжатты сатушыдан сұрай алады. Бұл, әсіресе, импорттық өнімді сатып алғанда маңызды.

Мамандар кәсіпкерлерге заңнамаға қатысты мәселелер туындамас үшін және тұтынушылардың сенімін жоғалтпау үшін өнімдердің таңбаламасын және сертификаттау талаптарын мұқият қадағалауды ұсынады. Тұтынушылар үшін өнімнің дұрыс таңбалануы мен құжаттарының болуы қауіпсіздік пен сапаның кепілі екенін есте ұстаған жөн, оны сатып алмас бұрын тексеруге болады және бұл сапасыз немесе қауіпті өнімдерді сатып алмауға көмектеседі. Сұрақ қоюдан ешқашан тартынбаңыз және өз құқықтарыңызды қорғаңыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың міндеті, ал азаматтардың өздері де бұл мәселеде жауапты екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: