Қостанай тұрғыны вейп сатқаны үшін сотталды

Фото: Zakon.kz
Қостанай қаласының тұрғыны Қостанай облысының аумағына вейп, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды әкелгені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды.

Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған.

Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.

Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Тәркіленген вейптер жойылуға жатады.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек